«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шет елде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 11-1-4/193 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шет елде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 11-1-4/193 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 11-1-4/737 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес айқындалған.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2022 жылғы 4 мамырдағы

№ 11-1-4/193 бұйрығына

қосымша

 

 

Дипломатиялық қызмет персоналын шет елде тұрғын үймен қамтамасыз ету

нормативтері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.