Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 Қаулысы
(2018.04.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 22 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2041 жылға дейінгі кезеңге «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Ақтау теңіз порты» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;
2) «Оңтүстік» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;
3) «Павлодар» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі;
4) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
3. ҚР Үкіметінің 2018.04.12. № 802 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.