«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 маусымдағы № 377 Қаулысы (күші жойылды)

 «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 маусымдағы № 377 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2016 ж., № 3-4, 18-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 22-тармағының екінші және 24-тармағының үшінші абзацтары 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2020 жылғы 20 маусымдағы

 № 377 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы 27 қаңтардағы

№ 28 қаулысымен

бекітілген

 

 

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 16-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.