Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының м.а. 2026 жылғы 25 маусымдағы № 3 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігі
Сот әкімшілігі
басшысының орынбасары
2026 жылғы 25 маусымдағы
№ 3 бұйрықпен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12457 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: