19-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен имандылығына, Қазақстан халқының гендік қорына қатер төндiретiн басқа да әлеуметтiк факторлардың алдын алуға;».
28. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 24-I, 119-құжат):
1) 19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уәкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куәландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқығы жоқ.»;
2) 51-баптың 14-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметте болған кезінде қызметкердің медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау, сондай-ақ одан өтуден бас тарту немесе жалтару;».
29. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120, 122-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уəкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куəландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқылы емес.»;
2) 26-баптың 1-тармағы 13) тармақшасы бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісінің анықталу, сондай-ақ оны өтуден бас тарту немесе жалтару;».
30. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 8, 45-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
76-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының), Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналадағылар үшін қауіп төндіретін өзге де аурудың анықталуы, азаматтың қайтыс болуы);».
31. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «жауапқа заңсыз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеген, арнаулы қоныстандыру орындарында бас бостандығын шектеумен мәжбүрлеп еңбекке тартылған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған» деген сөздер «жауаптылыққа заңсыз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған, күзетпен қамауда болған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген, жер аударуда болған, бас бостандығын шектеумен мәжбүрлеп еңбекке тартылған, қоныстандыру-колонияларындағы және психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеудегі» деген сөздермен ауыстырылсын.
32. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы;»;
8-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;».
33. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 32-баптың 2-тармағындағы «Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған, психикасының бұзылуы» деген сөздер «Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикалық бұзылушылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 67-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған» деген сөздер «Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) автомобильдегі алғашқы көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының тізбесін бекітеді;»;
2) 23-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында:
«жедел» деген сөз «шұғыл» деген сөзбен ауыстырылсын;
«емдеу мекемелеріне» деген сөздер «медициналық ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«белгілеген» деген сөз «айқындаған» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 28-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «дәрігерге дейiнгі» деген сөздер «алғашқы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 29-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «дәрігерге дейiнгі» деген сөздер «алғашқы» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек:
1) алғашқы сағат ішінде жол-көлік оқиғасы болған жерде және медициналық ұйымға бара жатқан жолда алғашқы көмек;
2) жол-көлік оқиғасы болған жерде, медициналық ұйымға бара жатқан жолда және медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек;
3) жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге медициналық ұйымдарда амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтиды.»;
5) 32-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның үшінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту қағидаларына сәйкес адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды даярлау шеңберінде оқыту;»;
«жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алғашқы көмек көрсету және көрсетілетін алғашқы көмектің сапасын бағалау жүйесін әзірлеу және бекіту;»;
6) 54-баптың 3-тармағында:
7) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шығындарды өтеттіре отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жол-жөнекей бағытта кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды медициналық ұйымдарға тасымалдау үшiн, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде жүру бағытына қарамастан, медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлеріне;»;
8) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшiн ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендердi жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, ал егер бұл мүмкiн болмаса, өзiнiң көлiк құралымен жақын жердегi медициналық ұйымға жеткiзуге, өзiнiң тегiн, көлiк құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргiзушi куәлiгiн және көлiк құралына берілген тiркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге;».
35. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-II, 120-құжат):
1) 1-қосымшада:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
15-жолдың 3-бағанындағы «невропатология» деген сөз «неврология» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-қосымшада:
120-жолда:
2 және 3-бағандардағы «және гигиеналық нормативтерге» деген сөздер алып тасталсын;
4-баған «Иеліктен шығарылмайтын; мерзімсіз рұқсат» деген сөздермен толықтырылсын;
227-жолда:
2 және 3-бағандардағы «сынау» деген сөз «зерттеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-баған «Иеліктен шығарылмайтын; мерзімсіз рұқсат» деген сөздермен толықтырылсын;
228 және 229-жолдар алып тасталсын;
230-жолдың 4-бағаны «Иеліктен шығарылмайтын; мерзімсіз рұқсат» деген сөздермен толықтырылсын;
352 және 378-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«