(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ АВТОМА...

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығы

(2025.28.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2026 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Энергетика министрінің 2025.11.09. № 344-н/қ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.25.11. № 412 бұйрығымен (2024 ж. 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.11.09. № 344-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-4-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Энергетика министрінің 2025.11.09. № 344-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.