«Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № А-6/298 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлген «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекiтiлсiн.
2. «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені Ақмола облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 17 шілдедегі
№ А-6/298 қаулысымен
бекітілді
«Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын дайындауда салааралық және аумақаралық үйлестіруді, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде тұтастықты және тиімділікті қалыптастыратын, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге арналып бағдарланған және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.