Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 117 бірлескен бұйрығы
(2026.16.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026.24.04. № 45 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026.27.04. № 34 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) мынадай:
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы өндіру, дайындау, сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі объектілеріне;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес дәстүрлі және халық медицинасы (емшілік) объектілеріне;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту объектілеріне;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес стоматологиялық қызмет көрсететін объектілерге;
осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілеріне;