Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 Қаулысы
(2023.06.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2022.31.12. № 1137 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.31.12. № 1137 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2022.31.12. № 1137 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары;
2) Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.