«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 11 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 351 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 11 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 351 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 163 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларында:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджеттiк сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет түсімдерін және шығыстарын топтастыру болып табылады және бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) маслихаттың шешімдері негiзiнде жасалады.»;

4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын, салықтарды, төлемдерді және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері негізінде барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің белгілі бір сипаттамалар бойынша топтамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады.»;

13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.