Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 163 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 10-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер мен толықтырулар жасау және енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қағидалардың 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте Қағидалардың 6-тармағы және 17-тармағының 1) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.