«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 539 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қандас мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы не «Құтты мекен» АЖ мобильдік қосымшасы арқылы «қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып (бұдан әрі-тізбе), осы Қағидалардың 2 қосымшаға сәйкес береді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Құтты мекен» АЖ мобильдік қосымшасы арқылы берілген өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін «Қандас» ААЖ-ға түседі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: