«Уранды барлауға арналған үлгілік келісімшартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 14 қазандағы № 114-н/қ бұйрығы

Уранды барлауға арналған үлгілік келісімшартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 14 қазандағы № 114-н/қ бұйрығы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабы 1-1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Уранды барлауға арналған үлгілік келісімшарт бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің

төрағасының міндетін атқарушы

 

 

Т. Жантикин

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің

төрағасының міндетін атқарушы

2026 жылғы 14 қазандағы

№ 114-н/қ бұйрығымен

бекітілген

 

 

УРАНДЫ БАРЛАУҒА АРНАЛҒАН ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.