«Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1167 Қаулысы

Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1167 Қаулысы

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-6-бабының 7-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1167 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату

қағидалары

 

1. Осы Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату ережелері «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-6-бабының 7-1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын (бұдан әрі - компания) тарату тәртібін айқындайды.

2. Компания соттың шешімі бойынша банкрот болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге жағдайларда таратылуы мүмкін.

3. Компанияны тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қабылданады.

Бұл ретте, компанияны ерікті түрде тарату компания шығарған мемлекеттік ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.

4. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган компанияны тарату туралы шешiм қабылданғандығын заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде хабарлайды.

5. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган компанияның жарғылық капиталында мемлекеттік қатысу иеленген Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша компанияны тарату шешімі қабылданғаннан кейін компания тарату комиссиясын күнтізбелік он күн ішінде құрылып компанияның мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк соған ауысады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.