(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТІ ТУРАЛЫ...

2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 шешімі

(2020.05.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020.05.02. № 502 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 223 174 852, мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 41 050 955мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 3 092 139 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 179 031 758,5 мың теңге;

2) шығындар - 227 687 354,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 707 904,8 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер -12 820 897 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 10 112 992,2 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу -0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 7 220 406,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 220 406,6 мың теңге;

қарыздар түсімі - 12 820 897 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 5 612 992,1 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 12 501,7 мың теңге.

2. 2020 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.