ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.19.08. № 356 бұйрығымен 5-қосымшамен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.03.09. № 381 бұйрығымен әдістемелік ұсынымдар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 13 тамыздағы
№ 345 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
Қосымша білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаумен байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдар
(2020.03.09. берілген толықтырулармен)
1. Осы әдістемелік ұсынымдар 2020-2021 оқу жылында карантин шараларын сақтау жағдайында әр түрлі форматтағы оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы сапалы білім беру қызметін көрсету үшін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - БҚББ ұйымдары) басшылары мен педагогтеріне көмек ретінде әзірленді.
2. Оқыту форматтары әр аумақтың бас санитарлық дәрігерінің шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып, әртүрлі болады.
Қосымша білім беру ұйымдары келесі форматтарда жұмыс істейді:
1) қашықтық форматындағы сабақтар;
2) штаттық режимде жеке сабақтар (балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде);
3) штаттық форматта 15 адамнан аспайтын топтардағы сабақтар.
3. Дәстүрлі оқыту (штаттық форматта 15 адамнан аспайтын топтардағы сабақтар) - әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайда санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, штаттық режимде оқыту процесін ұйымдастыру.
БҚББ ұйымдарының штаттық режимдегі жұмысы әр өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады.