Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және 2023 жылғы 5 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясының аяқталуына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы |
Е. Оспан |
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 22 мамырдағы
№ 138 бұйрығына
қосымша
Оқу-ағарту министрлігінің күші жойылатын
кейбір бұйрықтарының тізімі
1. «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығы.
2. «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 140 бұйрығы.
3. «COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 бұйрығы.