ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 20, 97-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1, 2 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 8 636 675 719 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 5 592 394 446 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 120 224 237 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 5 620 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 2 918 437 036 мың теңге;
2) шығындар - 9 370 297 588 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 113 475 991 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 236 519 381 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 123 043 390 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 36 155 287 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 36 155 287 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -883 253 147 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 1,5 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 330 528 103 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 7,6 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 883 253 147 мың теңге.
2-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 38 674 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 813 260 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.»;
«6-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер түсімдері:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыруға байланысты - 49 046 555 мың теңге;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары бойынша мөлшерлемелерді азайтуға байланысты - 14 653 852 мың теңге;
«Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды беруге байланысты 65 296 мың теңге көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің көрсетілген сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
2) 13-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2) тармақшалармен және 22) тармақшадағы «қаржыландыруға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.» деген сөздер «қаржыландыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыт бойынша төленген сомаларын өтеуге;
17-2) ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге;»;
«23) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;
24) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
3) 17, 19, 20, 22 және 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылға арналған резервi 77 542 814 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»;
«19-бап. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2018 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 16 070 847 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
20-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 581 635 мың теңге көзделсiн.»;
«22-бап. 2018 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 12 000 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.»;
«24-бап. 2018 жылға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимитi 1 726 942 051 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;
4) көрсетілген Заңға 1, 4 және 5-қосымшалар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы сәуірдің 27-і.
№ 148-VІ
«2018 - 2020 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» 2018 жылғы 27 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының
№ 148-VI ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
«2018 - 2020 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
2017 жылғы 30 қарашадағы
Қазақстан Республикасының
№ 113-VI ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2018 жылға арналған республикалық бюджет