Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы
(2014.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қараңыз
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.