(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНА БІРЫҢҒАЙ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТ БЕРУГЕ БАҒ...

Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 Қаулысы

(2025.01.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2026 ж. 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2025.03.06. № 50 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 - бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2025.03.06. № 50 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Абай облысының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.