Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар желісінің нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 231 бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының отыз бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар желісінің нормативі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2026 жылғы 4 маусымдағы
№ 231 бұйрығына қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар желісінің
нормативі
1. Жалпы ережелер