«Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылы 3 қарашадағы № 308 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылы 3 қарашадағы № 308 бұйрығы

 

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Н. Сауранбаев

 

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің

2026 жылы 3 қарашадағы

№ 308 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген
күзетпен алып жүруге жататын жүктердің
тізбесі

 

р/с

№

Жүктің атауы

ҮЖН бойынша позиция

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Ет және тағамдық қосымша ет өнімдері

0201 бастап 0210 дейін

Барлық атаулар

2.

Сүт өнімдері; құстардың жұмыртқалары; табиғи бал; басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген жануарлардан алынатын тамақ өнімдері

0405, 0406

Барлық атаулар

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.