Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 Қаулысы
(2017.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 15-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. «Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 46, 623-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.