Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 7-1/529 бұйрығы
(2020.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.