Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы
(2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.06. № 186 бұйрығымен (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.31.03. № 54 бұйрығымен (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.