Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 400 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 754 қаулысымен

бекітілген

 

 

Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру шарттары мен тетігін айқындайды.

2. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) айналым қаражатын толықтыру - эмитент облигацияларын шығару шарттары жобасының эмитенттің мәлімделген қызметімен байланысты әрі салықтық міндеттемелерді, зейнетақылық және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді қамтымайтын нысаналы мақсаты;

2) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) - Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын шекарасы анық белгіленген, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;

3) АХҚО-ның қаржылай көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы - АХҚО юрисдикциясындағы қаржылай көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган;

4) АХҚО қор биржасы - АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

5) АХҚО қор биржасының облигациялар шығару жөніндегі актісі - АХҚО қор биржасында облигациялар шығару тәртібін регламенттейтін АХҚО биржалық реттеуі шеңберіндегі нормативтік құжат;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.