«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 400 Қаулысы

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 400 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Субсидиялау қағидалары»;

2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидалары;»;

6) тармақша алып тасталсын;

8) тармақшадағы «қағидалары;» деген сөз «қағидалары бекітілсін.» деген сөздермен ауыстырылып,

9) тармақша алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік ұсыну қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 2 маусымдағы

№ 400 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 754 қаулысымен

бекітілген

 

 

Субсидиялау қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қаржыландырудың мынадай түрлері үшін субсидиялауды ұсыну тәртібін айқындайды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.