«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрық жөнінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 5 ақпандағы

№ 110 бұйрығына қосымша



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
күшін жойылған кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2004 жылғы 31 тамыздағы № 324-І Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3069 болып тіркелген);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.