«Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 Қаулысы (2022.13.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 Қаулысы

(2022.13.04. берілген өзгерістермен)

 

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 18 наурыздағы № 56 Қаулысымен күші жойылды

 

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 05-01-04/984 ұсынысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Түркістан облысының тиісті қала, аудан әкімдері өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетсін.

3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 182 «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4176 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2017 жылдың 8 тамызында электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.