Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 18 наурыздағы № 56 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
2024 жылғы 18 наурыздағы
№ 56 қаулысына қосымша
Түркістан облысы әкімдігінің кейбір жойылған қаулылардың
тізбесі