«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 367 бұйрығы (2025.21.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 367 бұйрығы

(2025.21.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26582 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентіне және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33199 болып тіркелген) бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 13, 74-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисінің құрамы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Басқарушы комитетінің құрамы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігін жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберінде жобалық рөлдерді бекіту;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігін жобалық басқарудың регламенті бекітілсін.

2. Базалық бағыттардың жетекшілері тиісті базалық бағыттар мен жобалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисін құру туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 72 бұйрығының күші жойылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.