Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 158
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 158 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығында:
1-тармақ:
«Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі;».
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
мына:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, 2309
оның ішінде:
орталық аппарат 250
аумақтық бөлімшелер 2059» деген жолдар алып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.