«Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрдің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2021 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-4/305 бұйрығы

 «Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрдің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2021 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-4/305 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12780 тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларында:

5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«5. Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) және келесі құжаттар тапсырылады:

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) заңды тұлға басшысының қолымен расталған көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;

3) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

4) өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттар (заттай грантты бағалау);

5) өтінім мемлекеттік заттай грантты беруді көздеген жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік заттай грантты жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.