Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығы
(2026.12.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020.01.06. № 11-1-4/179 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.11.08. № 11-1-4/417 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2026.28.09. № 11-1-4/538 бұйрығымен (2026 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi туралы Ереженің 15-тармағы 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020.01.06. № 11-1-4/179 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары бекітілсін.
2. «Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 183 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 7759 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 тамыздағы № 464-470 (27543) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.К. Хаиров):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін.