«Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-178/2020 бұйрығы

Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-178/2020 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 222-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ғиниятқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Денсаулық сақтау министрі

 

А. Цой

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2020 жылғы 3 қарашадағы

№ ҚР ДСМ-178/2020 бұйрыққа

қосымша

 

нысан

 

 

Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы

үлгілік шарт

 

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары) үшін резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарт)

қала (аудан, ауыл) ____________________ «___»_________20____ жыл

____________________________________________________________________,

     (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі «білім беру ұйымының

                                                          атауы»),

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.