Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 266, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 287 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 500 бірлескен бұйрығы
(2022.20.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.23.11. № 1185, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.21.11. № ҚР ДСМ-135 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022.22.11. № 445-НҚ бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 20 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.23.11. № 1185, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.21.11. № ҚР ДСМ-135 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022.22.11. № 445-НҚ бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 20 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.23.11. № 1185, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.21.11. № ҚР ДСМ-135 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022.22.11. № 445-НҚ бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 20 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;