2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 44/495-VI шешімі
(2021.04.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021.03.03. № 3/13-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.23.04. № 4/24-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.02.06. № 5/46-VII шешімімен (бұр.рерд.қара); 2021.04.08. № 7/58-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 542 801 230,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 46 351 862,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 4 729 684,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 709,8 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 491 716 972,9 мың теңге;
2) шығындар - 548 672 364,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 3 115 316,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 23 261 314,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 20 145 998,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 906 630,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 906 630,0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 9 893 080,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 9 893 080,0 мың теңге:
қарыздар түсімі - 24 289 475,7 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 16 278 510,6 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 882 114,9 мың теңге.