«Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 91 Қаулысы

«Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 91 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесінде:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі, Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі, Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі, Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі, Активтерді қайтару жөніндегі қызмет, Кадрлық жұмыс департаменті, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті, Қаржы департаменті:»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - ИҚҚК):

ИҚҚК төрағасы;

ИҚҚК төрағасының орынбасары;

ИҚҚК басқарма бастығы;

ИҚҚК басқарма бастығының орынбасары;

ИҚҚК бөлім бастығы;

ИҚҚК басқарма, бөлім аға прокуроры;

ИҚҚК басқарма, бөлім прокуроры.

Ескертпе: функционалдық міндеттері:

тіл саясатын;

бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс жұмысын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.