Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 Қаулысы
(2026.23.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2026.10.06. № 483 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 789 қаулысымен бекітілген
Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар
тізбесі
ҚР Үкіметінің 2026.20.02. № 91 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппараты (бұдан әрі - Бас прокуратура)