«2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 12-ө Өкімі

2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 12-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған қабылдануы 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексімен және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;

2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

3) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексін және көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

 

 

Премьер-Министр

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2026 жылғы 9 ақпандағы

№ 12-ө өкімімен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.