Мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығы
(2024.19.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.02.02. № 42 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 19 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 10-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырылған Мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.