«Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 23 бұйрығы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 13986 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 тамызда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
«2-тарау. Көтермелеудің салалық жүйесі»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
«Ұсынымда қызметкер туралы келесі мәліметтер (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, тиісті саладағы жұмыс өтілі, жеткен жетістіктерінің нәтижесін көрсетілулері қажет), қызметкердің нақты қызметін, жетістіктерін және табыстарын көрсететін көрсеткіштер сипатталады.»;
7-тармақтың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінде өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
нұсқаулыққа 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: