«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 31 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 366 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) академиялық демалыс беру не ұзарту, оқу мерзімін ауыстыру не тағылымдамадан өту туралы, оқу мерзімін ұзарту не тағылымдамадан өту туралы;».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамына:
| «Әміров Алмас Мұратұлы | - | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі (келісім бойынша); |