(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК САЯСИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНЕ, «А» КОРПУСЫНЫҢ МЕ...

Мемлекеттік саяси қызметшілеріне, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 80 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілеріне, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі

О. Уразалин

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2022 жылғы 28 наурыздағы

№ 80 қаулысымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік саяси қызметшілеріне, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлігін беру

қағидалары және оның сипаттамасы


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы мемлекеттік саяси қызметшілеріне, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметi туралы» Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік саяси қызметшілеріне, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне (бұдан әрі - мемлекеттік қызметшілер) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын белгілейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.