«Білім берудің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 180 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 28 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім берудің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 180 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) білім беру ұйымдарының қызметінде цифрлық сервистер мен платформаларды дамыту және енгізу, цифрлық құралдарды қолдануды үйлестіру арқылы білім беру саласын цифрландыруды қамтамасыз ету;
14) инвестицияларды тартуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ инновациялық білім беру шешімдері мен заманауи цифрлық тәсілдерді ілгерілету;