«Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 152 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 24 қарашадағы № 591 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын ізденуге ұсынылған жұмыстарға сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу жөніндегі секциялар туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын ізденуге ұсынылған жұмыстарға сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу жөніндегі секциялар құрамы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К. Әмринге жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.