ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Республикалық бюджеттің жобасына, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
(2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2025.19.05. № 880 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2025 ж. 19 мамырдағы № 880 Жарлығын қараңыз (2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2025.19.05. № 880 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Республикалық бюджеттің жобасына, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары;
2. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.