«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 20 тамыздағы № 404-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
5-тармақтың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.
Көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 74-бабына сәйкес тыңдау хаттамасын жүргізеді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
7-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.