Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығы
(2026.20.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 17 наурыздағы № 116-НҚ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.14.02. № 36 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026.17.03. № 116-НҚ бұйрығымен (2026 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.15.12. № 551 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025.14.03. № 95-НҚ бұйрығымен (2025 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.20.08. № 404-НҚ бұйрығымен (2025 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;