Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығы
(2022.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.14.02. № 36 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.15.12. № 551 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.